«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕРМЕН ӘҢГІМЕ

Қасиетті Қызылжар өңірінде түлеп, еселі еңбегімен, өр мінезімен туған елге, қазақ халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан азаматтар аз емес. Со-лардың қатарында есімі елімізге белгілі журналист, жазушы, облыстық “Қызыл-жар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры, рес-публикалық “Мағжан” журналының бас редакторы, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің есімін жерлестері ерекше ілтипатпен атайды.

Биыл ағамыз 70 жастың биігіне көтерілгелі отыр. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөс-пірімдер кітапханасында “Адал перзент – ел мақтанышы” деген атаумен өткен оқырмандармен кездесу кеші осы мерей-тойға орайластырылды.
Жарасбай Қабдоллаұлының ғұмыр дерегіне көз жүгіртсек, қаламгердің түрлі өмір жолынан өтіп, қазақ руханияты мен әдебиетінің өркен-деуіне сүбелі үлес қосқанын аңғарамыз. Қолы-на алғаш қалам ұстаған кезінен сұлу сөздің сырына бойлап, қоғамдағы түйткілді мәселе-лерді, өмірдің тынысын, әдебиеттің екінің бірі жүрексініп бара бермейтін детектив жанрын тақырыбының арқауы етті. Парламент қабыр-ғасында депутат болып жүргенде де қара-пайым халықтың жағында болып, елдің жағ-дайына, руханиятқа болысты.
Қаламгердің осы және өзге де қырларын Амандық Жантеміров, Тоқтар Зікірин, Нұр-сайын Шәріп есімді қаламдас достары әсерлі әңгімелеп берді. Бала кезінен бір атаның ба-лаларындай өскен Тоқтар Нұрахметұлының кеш кейіпкерінің қызмет жолы, азаматтық тұлғасы, журналистикаға сіңірген еңбегі жайлы жылы лебізі жиналған жастардың көңіліне шуақтай құйылды.
Жарасбай Сүлейменов – бойында ұшқыны бар жас дарын иелерін дер кезінде аңғарып, олардың “бұлақтың көзін ашқандай” өсіп-жеті-лулеріне жол сілтеп келе жатқан азамат. Арда-гер журналист Нұрсайын Шәріп 100 жылдық тарихы бар облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетіне сіңірген өлшеусіз еңбегін мысал етіп, байырғы басылымды “журналистер ұстаха-насы” деп атады. Ағамыздың азаматтық қырын “Шындық жайлы шымырқанып ойласам, өзі-ңізсіз сол шындықтың өлшемі” деп өлең жо-лымен кестеледі.
Жиын барысында кеш қонағына жастар та-рапынан ұлттық құндылықтар, жастар тәр-биесі, кітап оқу тақырыбында түрлі сауалдар қойылды. Қатысушылар Жарасбай Сүлейме-новтің төл туындыларымен, басылым бетте-рінде жарық көрген отты мақалаларымен танысты.
Ағамыз өзінің кітаптары жайлы айта келіп, туған жері, өскен ортасы, ұстаздары, болаша-ғына бағыт сілтеген тұлғалар тағылымы жайлы жазылған “Сырымды саған айтамын” атты кітаптың жуырда баспадан шығатынын жет-кізді.
Айтылған әңгімені, шертілген сырды тыңдап отырып, Шал ақын ауданындағы шағын ғана Балуан ауылынан басталған жолдың жас құрақтай өсіп келе жатқан жастар еліктейтін үлкен соқпаққа айналғанына куә болдық. Қаламгердің елдің ертеңі, болашақ ұрпақтың қамы үшін жазған әр туындысы “Шал ақын туған алқаптың, Шалғынға тұнған шығындай” мөлдір.

 

Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp