«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕР КЕШІ

С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада Ресей Федерациясы Жазушылар одағының мүшесі Оксана Ефремованың шығармашылық кеші өтті.

Ол әдебиетсүйер қауымға 2015 жылдан таныла бастады. Бірнеше кітаптың авторы Ресей елінде ұйымдастырылған «Жыл жазушысы» конкурсында ұлттық әдеби сыйлыққа ұсынылған. Қазылар алқасы қаламгердің «Как белая планета стала пестрой» атты балаларға арналған туындысын жоғары бағалап, ол В.Маяковский мен А.Пушкин атындағы медальға ие болған. «Бүгінгі кешімде шығармашылық қабілетімді жан-жақты  көрсеткім келді. Осыған орай өлеңдерімді оқып, оқырмандарымның сұрақтарына жауап бердім. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған кешіме балалар да келген екен. Оларға да тосын сый жасадым», – деді Оксана Ефремова.

  Жазушы шығармашылығымен жақынырақ танысуға ниет білдіргендердің қатарына оның туған-туыстары, достары мен әріптестері де болды. Олардың пікірінше, Оксана өте еңбекқор жан, үнемі жазу үстінде жүреді. Оқырман қауымға тез танылуы да сондықтан десті қаламгердің жақындары.

Жақында Оксана Ефремованың Михайл Гвоздевпен бірлесе жазған «Фантазмы» атты жасөспірімдерге арналған фантастикалық жинағы жарық көрді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp