«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ – ЖАҢА АТАУЛАР

Бұқаралық ақпарат құралдарында бұдан бұрын жарияланғанындай, қалалық мәслихат Петропавлдың бірқатар көшелерінің атауларын өзгерту, оларға елімізге, өңірімізге белгілі тұлғалардың есімдерін беру туралы жұртшылықты хабардар еткенді.

Осыған сәйкес қала әкімінің орынбасары Елена Балло басқарған жұмыс тобы құрылып, оның ұйғарымы мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды.

2014 жылғы 14 қазанда қалалық мәслихатта қоғамдық тыңдау болып, оған қатысқан депутаттар мен жұртшылық өкілдері қарауға ұсынылған мәселе бойынша пікірлерін ортаға салды.

Атап айтқанда, талқылау қорытындысы бойынша қаланың Совет көшесіне жазушы Ғалым Малдыбаевтың есімі берілмейтін болды. Ал Юбилейная көшесі Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың, Ә. Досмұхамбетов қысқа көшесі Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевтың, Рига көшесінің бір бөлігі мемлекет және қоғам қайраткері Тауфик Мұхаммед-Рахимовтың және “Солнечный” шағын ауданының бір жаңа көшесі мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл Кәрібжановтың есімімен аталатын болды.

Ал Ғ.Малдыбаевтың есімін қаланың өзге бір көшесіне беру ұйғарылды.

Аталған талқылауға қатыса отырып, мен де пікірталасқа түсіп, өзімнің ойымды білдірдім. Осы орайда есімдері ұсынылған азаматтар туралы кейбір депутаттар мен жұртшылық өкілдерінің пікірлері қабыспағанын, тіпті, ашық қарсылықтар да айтылғанын жасырғым келмейді. Әсіресе, Ғ. Малдыбаевтың қаламгерлік тұлғасын, Ж. Қизатов пен Ы. Ыбыраевтың Екінші дүниежүзілік соғыстағы жанқиярлық ерліктерін білмейтін, яки қасақана елегісі келмейтін депутаттар мен азаматтардың ұстанымдары таңғалдырды.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp