
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып Асқар Хабибулин тағайындалды.
Облыс орталығының басшысы Болат Жұмабеков орынбасарын әкімдік қызметкерлеріне таныстыра отырып бұған дейін қалалық әкімдікте, облыстық ішкі саясат басқармасында қызмет еткен Асқар Ережепұлына жаңа жұмысында сәттілік тіледі. Жаңа орынбасар өз кезегінде жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда бар күшін жұмсайтынын айтты.