«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Шаһардың орталық бөлігі, «Жас өркен» шағынауданы, Ойқала, Заречный, Кірпіш және Былғары зауыты кенттері тұрғындарының өтініштері тыңдалған жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.

Шаһар басшысы өз есебінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы деректерге қысқаша тоқталып өтті.
Жиынның негізгі бөлігінде микрофон алған тұрғындар өткен жылы облыс орталығында атқарылған ауқымды жұмыстарға ризашылығын білдіріп, өздерін мазалаған мәселелерді де бүгіп қалмады. Олардың көбі тұрғын үйлерінің аулаларын абаттандырып беруді өтінді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp