«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЙТІНДЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

 Өңірге жасаған жұмыс сапары аясында экология министрі Ерлан Нысанбаев тұрғындармен кездесіп, облыстағы экологиялық ахуалға тоқталды. Кездесу барысында экология, орман шаруашылығын дамыту, елді мекендерді көгалдандыру, атмосфералық ауаның сапасын бақылау және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

 Кездесуде «Қызылжар» ор­ман шаруашылығы басшысы­ның міндетін атқарушы Конс­тантин Мурзаев ағаш ресурста­рын пайдалануға беру кезіндегі белгіленген бағаның тым қым­бат екенін, орман пайдалану­дың нақты әдістемесі бекітіл­мегенін сөз етті. Министрлік өкілі бұл сұрақтың күн тәртібін­де тұрғанын жеткізді.

Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе – қоқыс поли­гондары. Биыл облыс орталы­ғы маңындағы полигонның қызмет мерзімі аяқталады. Аталған орын жүз пайыз тол­ған. Оның орнына жаңа қоқыс алаңы пайда болады.

«Жаңа полигонның орны Мамлютка қаласына баратын жол жақта белгіленген. Жоба­лық-сметалық құжаттар сарап­тамадан өтті. Жобаның бол­жамды құны – 6,1 млрд. теңге. Оны жүзеге асыруда Экология­лық кодекс басшылыққа алы­нады. Қоқыстың сыртқа жайы­лып кетпеуін болдырмауға ты­рысамыз», – деді кездесуге қа­тысқан облыс әкімінің орынба­сары Рүстем Құрманов.

Кездесуде өңірді газданды­ру мәселесі де көтерілді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, өңірге ең жақын газ көзі көршілес Түмен облысын­да орналасқан. Шекарадан газ тартылса желіні Көкшетау, Павлодарға дейін созу мүмкіндігі бар екен.

Кездесуді қорытындылаған Ерлан Нысанбаев облыстағы экоахуал тұрақты екенін айтты.

– Қоқыс мәселесіне кел­сек, бүгінде қалдықты қайта өңдеу маңызды. Ел бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар­дың 25 пайызы өңделеді. Бұл экономикаға да серпін береді, – деді министр.

Кейін Ерлан Нысанбаев Мағжан Жұмабаев ауданына барып, жаңа өрт сөндіру стан­сасының құрылысымен таны­сып, орман тәлімбағында бол­ды. Булаево қаласындағы жаңа станса табиғи өртті сөндіріп, апаттың алдын алудағы зама­науи нысанға айналмақ. Ми­нистрлік жоспарына сай 2027 жылға дейін өңірдегі маңызды орман қорлары маңында өртті ерте анықтайтын стансалар са­лынуы тиіс.

Сапар аясында министр об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­товпен бірге қаладағы кәсіпо­рындарды аралады. Ол «Раду­га» серіктестігінде болып, қал­дықтарды өңдеу барысымен танысты. Серіктестікте өңдел­ген қалдықтан тұрмысқа қа­жетті бұйымдар жасалады. Бұ­дан бөлек, компания сабын шығарып, көкөніс өсірумен айналысады.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp