Жақында бір қалтағатүскіш полицияның құрығына түсті. Ол облыс орталығының “Океан” сауда үйінің маңында тәртіп сақшыларының назарын аударған.
Полиция капитаны Дәулет Метолқыновтың айтуынша, ұсталған ұры – нашақор. 36 жасар жігіт 2014 жылдың тамызында абақтыдан босатылған екен. Алайда, сотталуы оған сабақ болмай, кәнігі “кәсібіне” қайтадан кірісіпті. Ол бір әйелдің ішінде 3 мың теңгесі бар әмиянын қағып кеткен. Ісі екінші қалалық полиция бөліміне берілді.
Қалалық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінде 32 қалтақаққыш есепте тұр. Олардың алтауы – әйелдер.