«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚ

Мен Петропавл қаласында тұратын көпбалалы аналардың бірімін. Үлкен қызым мен кенже балам үйдің қасында орналасқан мектепте оқиды. Ал ортаншы қызым Айғаным – денсаулығына байланысты құлақ кемістігі бар балалар білім алатын облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі.

Балалардың барлығы да таңертеңгі мезгілде оқығандықтан, үшеуін бірдей күн сайын мектепке апарып-әкеліп тұру оңай шаруа емес. Әсіресе, қызым Айғанымды күздің жауын-шашынында, қыстың ызғарлы күндерінде үйден алшақ орналасқан мектебіне жеткізудің өзі бір машақат болатын. Аяғын дұрыс баса алмайтын қызымды қоғамдық көлікпен алып жүру қиын болғандықтан, оқу орнына күнде таксимен апарып, алып келу қалтаға әжептәуір салмақ түсіретін. Өткен жылдан бері осы мәселе оң шешімін тапты. Әлеуметтік таксидің арқасында бүгінгі таңда күн сайын қызымды ешбір қиындықсыз оқуына апарып жүрміз. Барлық қызмет тегін. Әлеуметтік жағынан мемлекетіміздің көрсетіп отырған көмегі мұндай игілікті шарамен шектелмейді. Мәселен, жыл сайын балалар ауруханасында жатып, тегін ем-дом аламыз. Қажет болған уақытта Астана, Алматы қалаларына да барып, дәрігер мамандарға көрініп тұруға мүмкіндік бар. Киім жағына келетін болсақ, қысқы, көктемгі ортопедиялық аяқкиімдерді де тегін алып тұрамыз. Мұның барлығы біз үшін үлкен көмек. Осындай жақсы істер арқылы жүздеген балаға көмек көрсетіп, аналардың жүрегін жылылыққа бөлегендері үшін әлеуметтік сала бағытында еңбек ететін қызметкерлерге аналық жүректен алғыс айтқым келеді.  

Жұлдыз ҚАЗИЕВА,

көпбалалы ана.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp