Күзгі науқанға ауа райы қолайлы болып тұр. Диқандар тыным таппай еңбек етуде. Жедел ақпаратқа сүйенсек, 23 қыркүйекке дейін 3217,7 мың гектар алқаптың 2745,7 мың гектары дестеге түсірілді. Бұл барлық жиналуға тиісті астықтың 85,5 пайызы. Бастырылған астық 2643,2 мың гектар немесе 82,1 пайыз. Бүгінгі күнге дейін 4699,1 мың тонна астық жиналды. Гектар берекелігі орта есеппен 17,4 центнерден айналуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.