«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМКӨҢІЛ ҚАРТТАРДЫ ҚОЛДАУ

Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев бастаған өңір полицейлері қарттар үйіне барып, қамкөңіл жандарға сый-сияпат жасады. “Голос веры” қоғамдық бірлестігінің Петропавл қаласының шетінде орналасқан шағын мекемесінде 60 пен 95 жас аралығындағы 44 адам тұрып жатыр. Карантин кезінде погон таққан қонақтар келетінін естіген қарттардың қуанышында шек болған жоқ.

Департамент өнерпаздарының концерті басталмас бұрын сөз алған полиция полковнигі Марат Төлебаев: “Қазіргідей карантин кезінде сіздерді жалғызсыратпайық деп ұйғардық. Сіздердің әрқайсыларыңыздың тағдырыңыз әр қилы. Бұл үйдің тұрғындары өздерінің жүрек жылуын бір-бірімен бөлісіп, бір-біріне сүйеу болуда. Табиғат-Ана оянған шақта сіздерге де көктемгідей жарқыраған көңіл күй мен денсаулық тілейміз”, – деп қарттарға құттықтауын жеткізді.

Жастық шақтарын еске түсірген “Надежда”, “Катюша” және “Мы желаем счастья вам” әндері шырқалған кезде аға буын өкілдерінің жүздері бал-бұл жанды. Баршаның сүйікті киносы – “Көктемнің он жеті сәті” кинофильмінен үзінді орындалғанда көпшілігі көзіне жас алды.

Тәртіп сақшылары тарту еткен сыйлықтар мен гигиеналық құралдар – қазіргі жағдайда ең керек заттар. Мекеменің атқарушы директоры Тамара Малетина облыстық полиция департаментінің басшылығына осындай қолдау білдіргендері үшін алғысын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp