«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУМІЗ

2013 жылдан бері полиэтилен, пластик, шыны ыдыстар, картон, тағы басқа қалдық заттарды жи­нап, кәдеге жаратумен айналысып келеміз. Қазір шаhардың әр аумағында өндірістік қалдықтарды кідіріссіз қабылдайтын бес пункт жұмыс істейді. Негізгі база аумағында орналасқан шағынзауыт күніне 5 тоннаға дейін шикізатты өңдей алады. Бірақ оның қуаттылығы 10 тонна болғанымен, шикізат тапшылығы іске қолбайлау болып отыр.

Аудан орталықтарында да қайталама шикізатты қабылдайтын пункттер ашқымыз келеді. Алайда, мүдделі органдардың айтар қырық сылтауы, бюрократтық тосқауылдары таусылмайды. Алақандай жер телімін заңдастырып беруді қиынсына ма, білмеймін. Бескөл кентінде бір ай ғана жұмыс істеуге тура келді. Жер телімін жалға алғандықтан, жанама шығындар артып кетіп, пунктті жабуға мәжбүр болдық. Қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау, табиғатқа, адамдарға қамқорлық көрсету жөніндегі жобалар мен бастамалардың, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы игі қадамдардың неліктен қолдау таппайтынын түсінбеймін. Кішігірім жер учаскесі табылмады дегенге сену қиын. Жұртшылықтың ынтасы жақсы. Меніңше, қабылдау орталықтары неғұрлым көбейсе, аулаларды, көшелерді, үй маңайларын бей-берекет шашылып жатқан күл-қоқыстардан тазарту соғұрлым шапшаң, жедел атқарылары сөзсіз. Осы мәселелер шешімін тапса деген тілегімді бөле-жара айтқым келеді.
Салыстыру үшін айта кетейін, әр кеңсе қызметкері 10-12 минутта А 4 форматындағы бір бет қағаз жұмсайды екен. Бір айдағы шығын – 900, жылға шақсақ, 10-11 мың бет. Ең өкініштісі, осы қағаздардың жартысына жуығы еш кәдеге аспастан далаға лақтырылады. Біз оларды пайдалану мерзімін ұзартудың түрлі жолдарын қарастырып отырамыз. Қабылдау бағасы біршама көтерілді. Қайта өңдеуге жарайтын кез келген тұрмыстық қалдықтарды сатып алуға әзірміз.

Татьяна РУДЬ,
“LS Petropavlovsk”
ЖШС-нің директоры. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp