Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтау үшін медициналық сақтандыру қоры «Saqtandyrý» атты қанатқақты ақпараттық жүйені іске қосты.
Аталмыш жүйе медициналық қызмет алушылардың мәртебесін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің қанатқақты жобасы аясында сынақтан өтуде. Тұрғындар үшін бұл жоба ешқандай қиындық тудырмайды.
Қазір өңірде 552 мың тұрғын болса, соның 219 мыңы жұмыспен қамтылған. Олар үшін жұмыс берушілер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударса, 4337-і бірыңғай жиынтық төлем төлейді. Ал қанатқақты жоба сынақтан өткеннен кейін «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі еліміздің барлық өңірінде іске қосылатын болады. Оның толыққанды жұмыс істеуі үшін мемлекеттік мекемелермен он ақпараттық жүйені кіріктіру керек. Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен тағы басқа мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базасы қажет. Алайда, оның медициналық ұйымдардың сандық жүйе деңгейіне байланысты жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
Сурет https://www.inform.kz сайтынан алынды.