«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Елімізде «5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталды. Бұл мақсатқа қазынадан 390 млрд. теңге бөлінбек. Бұл туралы «Qyzyljar» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы облыстық филиалы директорының орынбасары Райхан Әбдірахманова мәлімдеді.

Қаржы институты жүзеге асыратын қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты болып табылады. Ол баспаналы болуды армандаған қазақстандықтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес әзірленген жобаны жүзеге асыру үшін ел бюджетінен 390 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Оның 180 млрд. теңгесі құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ. 80 млрд. теңге көлемінде алғашқы транш бөлінді. Бұл қаражат ел бойынша 7-8 мыңдай отбасыны баспанамен қамтуға бағытталады. Қазіргі уақытта «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы облыстық филиалы 6 млрд. теңгені құрайтын траншты алып үлгерді, – дейді Райхан Тілекқызы.
Брифингте «5-10-20» бағдарламасына кімдер қатысады деген заңды сұрақ қойылды. Баяндамашының айтуынша, бірінші кезеңіне 1986-2010 жылдар аралығында әкімдікте баспанаға мұқтаж азаматтар ретінде кезекке тұрған қазақстандықтар ғана қатыса алады. Бағдарламаға қатысушылар жылдық мөлшерлемесі 5 пайызды құрайтын заемды алу үшін қаржы институтындағы шотында пәтер құнының 10 пайыздық бастапқы жарнасын жинауы керек. Несиелендіру мерзімі 20 жылды құрайды. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты айдағы отбасының әр мүшесіне санағанда бір айлық табысы 101271 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар «5-10-20» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Аталмыш бағдарлама аясында пәтерлерді тек жаңа салынған тұрғын үйлерден ғана алуға болады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp