Білім беру сапасын бағалаудың орталықтандырылған жүйесі елімізде 3 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ол әлі қалыптасу кезеңінде. Осы ретте республикамыздың білім беру саласында сыртқы бағалаудың жаңа құралдарын енгізу жөніндегі қанатқақты жоба жүзеге асырыла бастады.
Жоба материалдарын шетелдік сарапшылардың басшылық етуімен еліміздің білім беру саласындағы басшылар, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер құрастырған.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жобаға 39 білім беру ұйымы енгізілді. Олардың ішінде 7 балабақша, 30 орта білім беру ұйымы мен 2 колледж бар. Жоба мемлекеттік аттестаттау аясында қаңтар мен наурыз айларында өткізіледі.
Бағалаудың жаңа құралдарының артықшылықтары анық байқалады. Әрбір білім беру ұйымы өздерінің қандай өлшемдер бойынша бағаланатыны, қойылатын талаптар мен бағаның қандай болатыны туралы білетін болады. Осы өлшемдер бойынша әрбір мектеп, колледж және балабақша өзін-өзі бағалауды өткізе алады.
Әрбір ұйым бойынша қанатқақты жобаның нәтижесі білім саласындағы бақылау департаментінің сайтында орналастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында наурыз айының соңында ресми түрде жарияланады.
Асыл ЖҮНІСОВА,
облыстық білім саласындағы бақылау жөніндегі департаменттің бас маманы.