«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНАТҚАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДАМЫЗ

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2014-2016 жылдарға арналған білімді дамытудың басым бағыттарын іске асыру аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңарту жөнінде шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі – келесі оқу жылында 1-сыныпта оқытудың жаңа форматының құрылымы мен мазмұнын апробациядан өткізу. Осыған орай “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымында еліміздегі қанатқақты 30 мектептің жетекшілеріне интерактивті түрде секциялар ұйымдастырылды. Онда “Бастауыш мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар”, “Жобалық жұмыс және жаһандық перспективалар”, “Ғылымға кіріспе”, “Бейнелеу өнері және музыка”, тілдік пәндердің ерекшеліктері мен “Дүниетанудың” жаңартылған мазмұны талқыланды.

Сондай-ақ, зияткерлік мектептердің тәрбие және кітапханалар жұмысын ұйымдастыруымен, оқушылардың жетістіктерін критерийлік бағалау жөніндегі тәжірибесімен танысып, құнды ақпараттар мен көкейде жүрген сұрақтарға жауап алдық. Он екі жылдық білім беру аясында оқушыларға ұсынылатын сабақтар үлгісін көрдік. 12 жылдық білім берудің негізгі қағидаларын одан әрі кең ауқымды жүзеге асыруға арналған әдістемелік бағдарларды анықтадық.  

Аягөз БЕКТАСОВА,

№16 орталау мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp