
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған ер адам қант диабетімен дәрігерлердің есебінде тұрған.
Шұғыл штабтың мәліметінше, қауіпті індет анықталған науқас 1986 жылы туған ер адам Тайынша қаласында тұрады. 18 мамырда скринингтік тексеру кезінде COVID-19-ға алынған сараптама оң нәтиже берді. Ер адам «Қант диабеті» диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Қазіргі уақытта науқас Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. 18 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 39 адам тіркелген, оның ішінде бір адам – Көкшетау қаласынікі.
www.inform.kz