«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қарасораның” қорытындысы

Облыс полицейлері бес айға созылған республикалық “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Алдын алу операциясы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтауды, жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабуды мақсат тұтты. Шара 1 маусымнан 31 қазанға дейін созылды. Нәтижесінде есірткі қылмысына қатысты 125 заң бұзушылық, соның ішінде есірткі өткізу бойынша 47 дерек анықталды.

Полицейлер есірткі саудасымен күреске ерекше мән береді. Операция барысында Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның “Subaru Legacy” көлігінің жүксалғышынан 5 килограмм марихуана салынған полимер пакетті тәркіледі. Ұсталған адам екі жыл бойы есірткі қолданғанын және сатқанын мойындады. Ол соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

– “Қарасора” жеделпрофилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 295,5 килограмнан астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Жыл басынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі бизнесі саласында 195 қылмысты анықтады. Оның 49-ы есірткіні өткізуге, 15-і аса ірі көлемде сақтауға қатысты. 409,5 килограмм есірткі тәркіленді, оның 4,2 килограмнан астамы “синтетика” және 4,1 килограмы гашиш, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp