Қашанда қарақшы қараусыз малға үйір келеді. Осыны облыс полицейлері де ескертеді. Өйткені, жыл басынан бері 71 бас мал ұрланған. “Барымташылар” бұларды жайылымда жүрген кезде айдап әкеткен.
Мал ұрлығы бойынша 56 тергеу аяқталып, істер соттың қарауына жіберілді.
Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының деректеріне қарағанда, мал ұрлау оқиғалары, негізінен, Мағжан Жұмабаев, Тайынша және Ақжар аудандарында тіркелген. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ұрланған малдарды иелері көзден таса қылып, бос жіберген және көбінің мал қамайтын қоралары болмай шыққан. “Көкаланың үйірі жатыр ма? Жатыр!” деген жайбарақаттықтың салдары осындай.