«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАНДЫҚТАН ҚОЛДЫ БОЛДЫ

«СУ Энергострой» ЖШС-і қызметкерлерінің бірі Петропавлдағы Креспостная көшесінде жұмыс істеп жүріп, 60 мың теңге тұратын «BMW» велосипедін тротуарда қараусыз қалдырып кеткен. 76 мың теңге тұратын «Bhawk» велосипеді де қараусыз қалған себепті қолды болды. Копай көшесінде тұратын кәмелетке толмаған қыз бала велосипедін үйінің қасындағы спорттық алаңда қалдырып кеткен. Мүлдем басқа велосипед ұрлығын тергеу барысында тәртіп сақшылары күдікті кім екенін анықтады. Белгісіз қылмыскер Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйдің подъезіне кіріп, бірінші қабатта тұрған «Bhawk» велосипедінің тросын қысқашпен кескен. Оның бұл әрекетін бейнебақылау камерасы жазып алған. Осы бейнежазба жедел уәкілдерге күдіктіні анықтауға көмектесті. Бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол биылғы жылдың сәуірінде ғана түрмеден босап шыққан екен.

Аталған фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында, ұрланған мүлік іздестірілуде.

«Қазіргі уақытта полицейлер велосипедтер бойынша деректер базасын құруда. Кез-келген адам өзінің екі дөңгелекті көлігін тіркей алады. Велосипед ұрланған жағдайда оны базадағы сериялық нөмірі мен ерекше белгілері арқылы танып алуға болады. Бүгінгі таңда базаға 1136 велосипед туралы мәлімет енгізілді», – деді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов.
Жыл басынан Петропавлда 78 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның 40-ы ашылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp