
Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды. Олар Минскіден ұшып келген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды. Оның ішінде Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда — 25 және Қарағандыда — 2 жағдай тіркелген.