«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРА САБЫН ҚАЙНАТАДЫ

Қарағанды медициналық университетінің  студенті Дәулет Ибраев қазақтың бұрынғы антисептикалық құралы — қара сабын жасаумен айналысып жатыр.    

«Сабынды мен ойлап тапқан жоқпын. Бұл көнеден келе жатқан рецепт.  9 жыл бұрын осыны зерттей бастадым. Бұл — менің мектептен бастап жазып келе жатқан жобам, облыстық ғылыми сайыста 3-орын алдым. Университетке келгенде осы тақырыпты кеңінен зерттей түстім. Ұзақ уақыт бойы қалай шығарылатынын, тарихын зерттедім», — дейді студент. 

Қара сабын дерматит бөртпелерін, аллергиялық бөртпелерді емдеуге қолданылады. Псориаз, акне деген сияқты ауруларға да шипалы екен. Табиғи өнім болғандықтан  аллергия туғызбайды.  

«Әлемде мұндай сабынның баламасы бар дегенді естімедім. Әрине, сабынды қайнату негізі бір. Бірақ біздің сабын толық табиғи болып саналады. 2 компонент: малдың майы мен өсімдіктердің күлінен жасалады», — деді Дәулет .

Ол өзінің жобасын енді толық бизнеске айналдырмақшы.

  www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp