«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕУІ МҮМКІН

Өңіріміздегі елді мекендерде несиелендіру бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. 

Мәселен, Есіл ауданындағы 16 ауылдық округтің тек алтауында ғана тұрғындар жеңілдетілген несие алуға ниет білдірген. “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Алмат Қожахметовтің сөзіне сүйенсек, “Еңбек” бағдарламасын жүзеге асыру үшін оларға 934,2 млн теңге бөлініпті. Егер бұл қаржы толық игерілсе, өңірімізде 113 жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Алайда, алты ауданда бөлінген қаржының 50 пайызы да игерілмеген көрінеді. “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Абылай Нұркенов үстіміздегі жылы 2 237,6 млн. теңгенің 607 жобасы мақұлданғанын айтты. Дегенмен де, Мамлют, Есіл, Шал ақын, Жамбыл аудандарында бөлінген қаржы игерілмеуі мүмкін. Себебі, кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алу жайлы білмейді, “Бастау Бизнес” аясында оқығандар несие алуға құлық танытпайды. Сонымен қатар аудандардағы жұмыспен қамту орталықтары бұған дейін жеңілдетілген несие алғандар мен қаржыландыруға зәру емес кәсіпкерлерді тізімге қосатын көрінеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp