«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгінгі бейбіт күніміз үшін біз батыр бабаларымызға қарыздармыз. Кешегі Екінші дүниежүзілік соғыс қасіреті миллиондаған отбасын ойрандап, жанға жазылмас жара салды. Ал оқ пен оттың ортасында қан кешкен аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Шал ақын ауданының тұрғыны Леонид Леоновтың 90 жасқа толуына орай ардагерге құрмет көрсетілді. Мерейтой иесін құттықтай келген аудан әкімі Ербол Сағдиев пен өзге де қонақтар Леонид Ефимовичке жүрекжарды тілектерін арнап, ақ тілеулерін жеткізді. Ал қария соғыс жылдарындағы сұрапыл кезеңді еске алып, майдан даласындағы барлаушылық өмірі жайлы толғанды. Қуанышқа кенелген қария келген қонақтарға өзінің ризашылығын білдірді.  

Айымгүл НАЙКИНА,

журналист.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp