«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Петропавлдың жанындағы Заречный кентінде орналасқан саяжайында жүрген 83 жастағы Тамара Михайловна абайсызда қараусыз қалған құдыққа құлап кетті. Құдықтың беті темір-терсекпен және күзгі жапырақпен жабылып қалғандықтан, қария оны байқамай қалған болса керек. 

Абырой болғанда, оның жанында бірге жүрген құрбысы 112 телефонына хабарласып, құтқарушыларды дер кезінде шақырған. Ағыбай Нұрғожинов, Таир Мәдиев, Саян Ахметжанов және Болат Тілеулин уақыт өткізбей, бір минуттан соң “атқа қонып”, оқиға орнына дереу жетті. Таир Мәдиев тот басқан темір құбырдың бойымен құлдилай келіп, құдықтың түбіне түсті. Онда белшесінен сазға батқан әжей өзінің құтқарушысын күтіп тұр еді. Таир альпинистерге арналған өрмелеу жабдықтарын кигізіп, әжейді құдықтан алып шықты.


Құтқарушылар 3 метр тереңдіктен адамды алып шығудың түк қиындығы жоқ екенін айтады. Тамара Михайловна болса немерелеріндей жігіттерге алғысын жаудырып, олардың әрқайсысы ата-анасының мақтанышы екенін айтты. Оқиға орнына жеткен “Жедел жәрдем” көлігі қарт әжейді ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер ешқандай жарақаты болмаған себепті, қарияны үйіне жіберді.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp