Білім беру ұйымдары әдіскерлерінің кәсіби шеберліктерін және мәртебелерін арттыру мақсатында облыстық “Жылдың үздік әдіскері” байқауы өтті. Оны “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының мамандары ұйымдастырды.
Түрлі деңгейлердегі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің арасынан шығармашылықпен жұмыс істейтіндерін анықтап, оларға қолдау көрсетуді, инновациялық тәжірибелерін таратып, аталмыш мамандық иелерінің қоғам алдындағы беделін көтеруді көздеген байқаудың сырттай кезеңінен табысты өткендер облыстық додаға жолдама алды. Оған аудандық (қалалық, облыстық) әдістемелік кабинеттердің, балабақшалардың, кәсіптік-техникалық және қосымша білім беру мекемелерінің әдіскерлері қатысты.
Сайыс талаптарын жоғары деңгейде орындап, “Жылдың үздік әдіскері” атанғандар арасында Тайынша қаласынан қатысқан Қарлығаш Сүлейменова І орынға ие болды. Сергеевка қаласының үміткері Леонид Сергеев пен Петропавл қаласындағы жас натуралистер стансасының әдіскері Юлия Смирнова ІІ орынға тұрақтады. Петропавл қаласы білім бөлімінің әдіскері Айман Кеңбейілова мен Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі Нарғыз Әлжанова ІІІ орынды жеңіп алды.
Ольга ВАСИЛЬЕВА,
инновациялық дамытуды
әдістемелік қамтамасыз ету
бөлімінің маманы.