Жуырда футболдан ел кубогына жеребе тарту рәсімі өтіп, жергілікті “Қызыл-Жар СК” құрама командасының қарсыласы анықталды.
Белгілі болғанындай, футболдан Қазақстан Республикасының кубогында “Қызыл-Жар СК” екінші лиганың жеңімпазы, биылдан бірінші лигаға өткен қызылордалық “Байқоңыр” командасымен кездесу өткізеді. Қос құраманың ойыны 29 наурызда Қызылорда қаласында өтпек. Бұл жұпта озып шыққан құрама келесі раундта семейлік “Спартакпен” күш сынасады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.