«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРСЫЛАСЫН АЯМАДЫ

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Ресейдің Красноярск қаласында өткен жекпе-жекте кезекті жеңіске жетті.
Қазақ боксшысының қарсыласы венесуэлалық Омар Гарсия кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, оның он бесін жеңген, 12 қарсыласын нокаутқа түсірген. Он раундқа жоспарланған титулдық жекпе-жекте Айдос Ербосынұлына тиесілі “WBO Global”, “WBC Asia” және “WBA International” белдіктері сарапқа түскен болатын. Алайда, кездесу сегізінші раундта аяқталды. Төреші Айдостың ауыр соққыларынан есеңгіреп қалған Омар Гарсияны арашалап алуға мәжбүр болды.
Бұл отандасымыздың кәсіпқой мансабындағы он үшінші жекпе-жегі болатын. Енді Айдос Ербосынұлының қоржынында он үш жеңіс, тоғыз нокаут бар.


ЖОЛДАМА КӨБЕЮДЕ


Қазақстан құрамасының қоржынында Токио Олимпиадасының 25 жолдамасы бар.
2020 жылдың көктеміне дейін спортшылар түрлі турнирде топ жарып, ұпай түгендесе, жолдама саны артады. Ұлттық құрама Токио Олимпиадасында спорттың 20 түрінен сынға түсуді жоспарлап отырғанын ескерсек, әлі де жолдама жағын көбейту керек. Өйткені, қазақстандық спортшылар 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасында спорттың 27 түрінен 100-ге жуық жолдама алған болатын.


ТЕН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ


Қазақстандық журналист Сергей Райлян мен ресейдің “Match-TV” телеарнасының шолушысы Константин Столбовский қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы фильм түсірді.
Журналистер деректі фильмде 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының және Универсиада чемпионы Денис Теннің өміріне байланысты мұрағаттық кадрларды пайдаланды. Даңқты спортшы жайлы достары мен туыстары, спортшылар мен жаттықтырушылар естелік айтты. Олардың арасында Алексей Ягудин, Илья Ильин, Елена Водорезова, Айгүл Қуанышева бар.
Еңбек сіңірген спорт шебері былтыр 25 жасында Алматы қаласының орталығында ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp