«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРСЫЛАСЫН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионаты жалғасуда. 7-ші тур аясындағы кездесулер барысында жергілікті «QYZYLJAR» клубы сырт алаңда ақтаулық «KASPII»-мен кездесті.


Жерлестеріміз бірінші таймның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытуға тырысты. Нәтижесінде қарсылас қақпасына ұйымдастырылған шабуылдар көпке созылмай өз жемісін берді. Максим Драченко оң аяғына сәтті келген допты ақтаулықтардың қақпасында тулатты. Ал екінші таймда ешқандай нәтиже тіркелмеді. Осылайша жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді олар қостанайлық «TOBYL» командасымен кездеседі. Матчтың уақыты мен өтетін орны алдағы күндері белгілі болады. 

Ал 7-ші турдың қорытындысына сәйкес қоржынында 7 ұпайы бар “QYZYLJAR” сегізінші орынға жайғасты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp