Ақыл айтар алдыңғы толқынды қолдау айлығы аясында өңір жастары Петропавл қаласындағы Қарттар үйіне барып, көңілі күпті жандардың жағдайын білді. Қазыналы қарттарды ең ізгі мерекемен құттықтап, шағын концерт ұйымдастырды.
– Өңір жастары жалғызбасты зейнеткерлерге көмектесуді игі дәстүрге айналдырды. Күзде бау-бақшасын жинауға көмектессе, қысқы уақытта ауланы қардан тазартады. Қарттар үйіндегі аға буын өкілдерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Емен-жарқын әңгімелескеннің өзі олардың өмірін ұзартады, – деген Петропавл қалалық жастар ресурсы орталығының жетекшісі Азат Мұхамеджанов туыс-туғанынан көз жазып қалған, не болмаса балаларынан мейірім көрмеген қарттарға қамқорлық танытуға шақырды.
Бүгінгі таңда аталған Қарттар үйінде жалғызбасты 42 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Оларды күтіп-бағуға кететін қаржының 90 пайызы зейнетақыларынан алынады екен.
Сурет https://m.ivesta.kz сайтынан алынды.