«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ

Халық даналығында “Өсетін елдің қарты қазыналы болар” деген нақыл бар. Бұл өркендеп, дамып келе жатқан елдің қазыналы қарттары өскелең ұрпаққа өз өнегесімен, елеулі еңбегімен үлгі екендігін дәріптейді. Міне, сондай көпті көріп, ес білгелі маңдай терін төгіп еңбек еткен қариялар – нағыз құрметке лайық жандар.

Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Каскин мен ұжым мүшелері қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында бірқатар іс-шаралар атқаруда. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы зейнеткерлеріміз М.Қабдыровтың, К.Құсайыновтың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады. Ал Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты жиынға тексеру комиссиясының зейнеткерлері Т.Ткаченко, М.Қабдыров, К.Құсайынов, А.Арықбаев, К.Керейбаева, С.Ысмағұлов, Ү.Қоныспекова, А.Якупов шақырылды. Олардың барлығы – тексеру комиссиясында өздерін жауапты қызметкерлер ретінде көрсеткен ардагерлер. Мәселен, Тамара Ткаченконың қырық жылдан астам еңбек өтілі бар, оның ішінде он жыл қаржылық бақылау органдарында істеген. 2003 жылы Тамара Федоровна Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы болып тағайындалды, одан кейін облыстық тексеру комиссиясының мүшесі ретінде еңбек етті. Мұқаш Қабдыровтың жалпы жұмыс өтілі қырық жылдан астам, он бес жыл қаржы бақылау органдарында жұмыс істеген. Өзінің еңбек жолын Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бақылау комитетінің облыстық басқармасында бастаған. Тексеру комиссиясында Мұқаш Әбілғазыұлы алғашқы құрылған күнінен бастап жұмыс істеді.

Салтанатты жиналыста Тілеген Каскин бұл мереке біздің қоғамда үлкен өмір жолынан өткен, адал еңбегімен құрметке ие болған, аймақтың дамуына белсенді қатысқан адамдарды құттықтау күні ретінде аталатынын айтты. “Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындайтынын атап өтті. Соңғы жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет өсті. Елбасының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орта есеппен 1,8 есеге артты. Бұл шаралардың барлығы аға буынды мемлекеттің әлеуметтік қолдайтынын тағы да дәлелдейді”, – деді Тілеген Төлегенұлы.

Салтанатты жиында тексеру комиссиясының басшысы зейнеткерлерге ұзақ өмір, мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық, жан жылуы мен игіліктер тілеп, Алғыс хат пен азық-түлік себеттерін табыс етті. Өз кезегінде, зейнеткерлер комиссия төрағасы мен ұжымға шын жүректен алғысын білдіріп, табыс тіледі.

Тимур ТҰРСЫНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp