Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов орта мектебінде “Қарттарым – асыл қазынам” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шара аға ұрпақ өкілдеріне арналған концерттен бастау алды.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ахан Шопанов, Новоселов ауылы әкімінің міндетін атқарушысы Надежда Құрманбаева, “Элеватор Целинный – 2006” ЖШС-нің директоры Марат Әпенов қарттарды айтулы мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Ал мектеп оқушылары мен ұстаздары болса, ән мен биден шашу шашып, аға буынға жылы лебіздерін арнады. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында ауыл тұрғындары Амангелді Рамазанов пен Анастасия Шевченко да өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың көңілдерін көтерді. Мектептің ең кішкентай бүлдіршіні 1-сынып оқушысы Батырхан Қайыржан “Әке, ана” әнін орындап, көремендердің ризашылығына бөленді.