«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Облыс орталығындағы “Форсаж” ойын-сауық кешенінде Шал ақын ауданынан шыққан ардагерлердің кездесуі өтті. Қарттарды қолдау айлығы аясында ұйымдастырылған шарада ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерді атқарған, Кеңес өкіметі тұсында аудандық партия ұйымдарында абыройлы еңбек еткен ауданның аға буын өкілдері бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өткенді еске алды. 

Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалиннің айтуынша, бүгінде ауданда 3 мыңнан астам қарт тұрады. Жыл сайын айлық барысында жалғызбасты қарияларға, аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp