«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ТАҒДЫРЛАР

Облыстық ардагерлер кеңе­сі­нің әлеу­меттік-тұрмыстық мә­се­ле­лер жөніндегі тұрақты ко­мис­сиясының мүшелері жұмыс жос­па­рына сәйкес жуырда Та­йынша қала­сындағы “Надежда” қарттар үйінде болды.

Өңіріміздегі 84 мыңнан астам аға буын өкілінің басын қосып отырған облыстық Кеңес ең үлкен қоғамдық ұйым болып табылады. Ке­ңес өз жұмысын аудандар­дағы, қаладағы бас­та­уыш ұйым­дары арқылы жүргізеді. Бұл мін­деттерді орындауда тұ­рақ­ты ко­миссия­лар­дың орны ерек­ше. Өйткені, олар зейнет­кер­лердің өзекті мәселелерін шешу­ге мем­лекеттік және қоғамдық ұйым­дарды тарту арқылы өз үлес­­терін қосуда. Амангелді Кен­же­­ғозинов жетекшілік ететін әлеу­меттік-тұрмыстық мәселелер жө­ніндегі тұрақты комиссия да көп­теген игі істер атқаруда.

Әртүрлі себептерге байла­ныс­ты қарт­тар үйінде тағдыры тоғыс­қан адамдардың көңіл күйі, тұр­мыс­тық жағдайына ко­миссия жұ­мысында ерекше назар аудары­лады. Тайынша қаласындағы “На­дежда” қарт­тар үйі 2006 жылы ашы­лып, бір жүз­ден аса жалғызі­лікті жанды өз қамқорлығына алып отыр. Бұл ұжым тағдыры қиын аза­маттарға қолдау көр­се­тіп, облыс, республика аумағын­да өз әріптестерінің ішінде ал­дың­­ғы қатардан орын алған. Жетіс­тіктердің оңай келмей­тінін ес­кер­сек, бұл ұжымға бүгінгі тиім­ді жұмыс деңгейі мен абы­ройы да қажырлы еңбек пен та­бандылық­тың арқасында мүм­кін болғанын айта кету керек. Ал­дымен осы ме­кемеге бөлінген ғи­мараттың то­қы­рау жыл­дарында тозығы жет­кен өндіріс орны­ның кеңсесі бол­ға­нын айтсақ та жет­кілікті. Сон­дықтан да болар аудан әкімдігі осы бір жауапты қызметті ұстаз Нина Поповаға сеніп тапсырған еді.

Облыстық ардагерлер кеңесі қоғамдық ұйым, сондықтан оның тұрақты комиссия­сы­ның тексе­руге өкілеттігі жоқ. Бірақ ко­миссия мүшелері мекемеде бол­ған аз уа­қыт­тың ішінде қария­ларға көрсе­тілген қыз­меттің жо­ғары деңгей­де екеніне көз жет­кізді. Мұның бәрі, әрине, та­лаптарға сай келе­тін материал­дық-техникалық ба­заға, өз ісіне жа­уап­кершілікпен, төзімділікпен қарайтын ша­руа­шы­лық, әлеу­меттік, медициналық қыз­меткер­лерге байланысты еке­ні дау­сыз.

Халқымыз “өз үйім – өлең тө­сегім” деген ұғымға алдымен тұр­ған мекеніңнің жай­лылығын сый­дырады. Ал қарттар үйінде бол­ған аз уақытта мәселе­лер­дің көбі шешілгеніне көзіміз жетті. Қарттар үйіндегі бөлме­лер екі адамға шақталған. Әр­қай­­сысын­да жеке жуыну орны бар, апта­сына екі рет монша жұ­мыс істейді. Медициналық кө­мек көрсету деңгейі де көңіл қуан­тады. Меке­менің бес дәрі­гері, медбикелер, спорт­тық тре­нажер залындағы нұсқаушы қа­рия­лар жақыныңдай жанашыр. Меке­медегі зерт­ха­на алы­натын сынамаларды басқа жерге апар­май, олардың сарап­та­­ма­ларын осы жерде жүргізуге мүм­кіндік береді.

Тамақ мәзіріне әр тұтыну­шы­ның тала­бы­нан шығу үшін ме­ке­ме жанындағы жы­лыжайда өсі­рі­летін көкөніс, жеміс-жидек өнім­дері қосылады. Мекеме ау­ласын­да орналасқан қазақтың киіз үйі жи­­һа­зымен көздің жа­уын алса, төр­дегі арнайы орындағы қасиет­ті Құран кітабы мен ташпиық бір­ден көзге түседі. Бұл осы мекеме­нің тұрақты тұрғы­ны болған мұ­сыл­мандар­дың сүйікті орны. Ме­ке­медегі жа­сыл же­лек, субұрқақ, гүлзарлар еріксіз көз тар­тады. Қыр­ғауыл және басқа да құстар өсірі­леді. Комиссия мүшелері қарттар үйін ара­лап шыққан соң мекеменің кітапханасына елуден астам кі­тапты сыйға тартты.

Жангелді ТӘЖИН,

облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp