«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН

Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы барысында Медвежка ауылының 29 жасар тұрғыны атыс қаруын өз үйінде заңсыз сақтап келгенін анықтады. Ауыл тұрғыны тіркелмеген тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-К» мылтығын сенекте сақтаған. Өзінің айтуынша, қаруды ол осыдан шамамен 10 жыл бұрын үйді сатып алған кезде тауып алыпты. Мылтық тәркіленіп, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

Жыл басынан бері облыс бойынша осы бап, яғни «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша 15 дерек анықталды.
 «Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылыс заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қаруды тіркеу, қайта тіркеуге қатысты сұрақтармен әкімшілік полиция басқармасына 8 (7152) 39-48-68 телефоны бойынша хабарласуға болады», – дейді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Құрман Мусин.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp