Облыстың тәртіп сақшылары бес күн ішінде қару-жарақты тіркеу, қайта тіркеу және сақтау ережерін бұзуға қатысты 95 фактіні анықтады. Сегіз адамның қарулары тәркіленіп, иелеріне айыппұл салынды. Олардың үшеуі тәртіп сақшыларын қаруын жоғалтқаны жайлы хабардар етпесе, бесеуі тұрғылықты мекенжайын өзгерткенін жасырған. Мағжан Жұмабаев ауданында жоғалған қарулардың бірін полиция қызметкерлері көл түбінен тапқан. Осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жасар Булаево қаласының тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp