«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаруларын тапсырды

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақталып келген қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алу бойынша өткен акцияны қорытындылады.

1 шілдеде басталған акцияға өтінімдер он­лайн режімде қабылданды. Өтініш берушілер тәртіп сақшыларымен қаруды тапсыру сәтінде ғана кездесті. Тәртіп сақшылары барлық са­ни­тарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, мекен­жайларға барып, қаруды қабылдап алды және санатын анықтау үшін сараптамаға жіберді.

Акция басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 47 өтініш келіп түсіп, осынша қару тап­сы­рылды. Оның басым бөлігін, яғни 13 қаруды Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімі қабылдаған. Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 12 ату құралын қабылдады. Қару тапсырғандарға сыйақы тө­леу үшін материалдар облыстық полиция де­пар­таментінің қаржымен қамтамасыз ету бас­қармасына жіберілді.

Ерікті түрде тапсырылған қарудың қылмысқа қа­тысы болмаса, оны заңсыз сақтағаны үшін адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкер­шілікке тартылмайды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp