Облыс орталығында 500-ден астам тұрғынның травматикалық және газды қаруы бар. Бүгінгі күні соның 300-ден астамы “Қару” акциясы бойынша өз еріктерімен ату құралын тиісті орындарға тапсырған.
Аталмыш акция үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан басталды. Шара жайлы естігендер қаруларын өз еріктерімен тапсыруда. Жақында Петропавл қаласында тұратын 31 жастағы әйел полиция бөлімшесіне газды тапаншасын әкеп берді. Оның айтуынша, ол қаруды осыдан екі жыл бұрын қорғану мақсатында сатып алыпты. Алайда, содан бері оны пайдаланбаған.
Облыстық әкімшілік полициясы басқармасы лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің ақпаратынша, осы күнге дейін қару иелеріне 22 миллион теңгеден астам қаражат төленген.
(Өз тілшіміз).