«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУЫМЕН ҚОЛҒА ТҮСТІ

Жергілікті полиция қызметкерлері такси көлігін жалдап келе жатқан жолаушыларды шолақ мылтықпен ұстады.

Петропавл қаласындағы Ярослав Гашек көшесі бойында жол-патрульдік полициясының кезекші жасағы жедел-алдын алу іс-шарасы аясында такси жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Ондағы екі жолаушы тәртіп сақшыларын көре салысымен бірден қобалжып, сасқалақтап қалады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп, қару тасушыларды Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөліміне жеткізді. Шолақ мылтық тәркіленіп алынып, сот-баллистикалық сараптамасына жөнелтілді. Тексеру барысында 34 жастағы қару иесінің бұрын мүліктік қылмыстарға қатысты істі болғаны анықталды. Ер-азаматтың түсіндіруі бойынша, ол сол күні “Океан” сауда үйінің маңындағы туысының үйінде қонақта болған. Жертөледен кездейсоқ шолақ мылтықты көріп, оған қызығып, өзімен бірге ала кеткен. Сараптама нәтижесінде бұл тәркіленген қару 1949-1955 жылдар аралығында шығарылған бір ұңғылы аңшы мылтығының қысқартылып кесілген түрі екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы “Қаруды заңсыз сақтау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің

жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp