«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қару тапсырып, өтемақы ал!

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылының тұрғыны иір ұңғылы тапанша тауып алып, оны уақыт оздырмай бірден полиция бөліміне әкеліп тапсырды.

Оның айтуынша, ол ату құралын бос жатқан ғимараттан тауып алған. Тәртіп сақшылары тапаншаны бірден сараптамаға жөнелтіп, оның 32 калибрлі Смит-Вессон модельді иір ойықты атыс қаруы екенін және жарамсыздығын анықтады. Соның өзінде қаруды тапсырған тұрғынға 30 мың теңге өтемақы төленді. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 61 жастағы тұрғыны полицияға әкеліп берген мылтығы үшін 100 мың теңге өтемақы алатын болды.

– Тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үшін ақшалай сыйақының көлемін арнайы комиссия бекітеді. Бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың көлемі – 12 миллион теңге. Бүгінгі күнге дейін облыстың 176 тұрғынынан өтініш түсіп, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден артық қаржы төленді, – дейді әкімшілік полициясы басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы Алексей Белов.

Қаруды ерікті түрде тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp