Өңірде 6846 қару иесі бар. Қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін аңшылардың есіне салу үшін полицейлер Мамлют ауданында кездесу өткізді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, аңшылық оқыс оқиғамен аяқталмауы үшін белгіленген ережелерді қатаң сақтау қажет: қаруды оқталмаған күйінде, арнайы қапқа салынған қалпында тасымалдау керек және қару иесі өзімен бірге рұқсат құжаттарын алып жүруі тиіс.
Полицейлер аңшыларға қару сейфін дабыл белгісімен жабдықтау керектігін айтты. Онда бөгде заттар мен құнды бұйымдарды, қаражаттарды сақтауға тыйым салынады.
21 сәуірде заңсыз сақталған қаруды ақылы тапсыру акциясы басталады. Тіркелмеген қару туралы полицияға өз еркімен хабарлаған адам өтемақы алады. Полицейлер мұндай кездесулерді облыстың әр ауданында өткізуді жоспарлап отыр.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».