18 қыркүйектегі жедел дерек бойынша 3210 мың гектар егістік алқаптың 1688,1 мың гектары дестеге түсірілді. Бұл барлық жиналуға тиіс астықтың 52,6 пайызын құрайды. Бастырылған астық – 1479,8 мың гектар немесе 46,1 пайыз. Осы кезеңде 2169,4 мың тонна астық жиналды. Облыс бойынша орташа гектар берекелігі 14,7 центнерден айналуда.
Орақ науқанында Айыртау, Есіл, Аққайың, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандары көш басында келеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.