«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ШЫҒАРМАҒАНДАРҒА – АЙЫППҰЛ

Соңғы күндері шамадан көп жауған қар жергілікті полиция қызметінің жұмысын қиындата түсті. Тәртіп сақшылары 133 дүкен мен сауда үйінің маңын аралап, облыстық мәслихат бекіткен ережеге сәйкес заңды және жеке тұлғалар өз ауласын шығармаған қардан тазалауы керектігін түсіндірді. Қар шығармаған 27 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодекстің 505-бабы бойынша айыппұл салынды. 

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2651 теңгеге жеткендіктен, айыппұл көлемі де артты. Мәселен, Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде орналасқан кәсіпорын иесі қарды шығармағаны үшін 50 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

«Біз қолданатын негізгі шара – ескерту. Бұған дейін бірнеше рет ескерткенімізбен, оған құлақ аспағандарға ғана айыппұл саламыз. Былтыр 7699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның тек 206-сына ғана айыппұл салынды», – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Тәртіп сақшылары уақтылы шығарылмаған қар тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіретінін, ал көктемде еріп, айналаны топан су басуына себеп болатынын еске салады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp