«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРДЫ

Қыс мезгілінде жолға шыққанда абай болған жөн. Жол-көлік апатынан басқа, түрлі жағдайлар да орын алуы мүмкін. Ақпан айының 4-де боран соғып, соның салдарынан өңірде көлік қатынасы қиындай түсті. Көліктің барлық түрі үшін облыстық және республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылды. Қабылданған шаралардың арқасында автокөлік иелері ешқандай қиындыққа тап болған жоқ. Алайда, бірқатар жүргізушіге шұғыл көмек көрсету қажет болды.

Өткен тәулік ішінде Есіл және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарға қарасты жергілікті маңызы бар жолдарда жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен-Агро» ЖШС-і (жеке құрамның 4 адамы мен 4 техникасы) күшімен қар құрсауынан 12 адам құтқарылып, бес жеңіл көлік шығарылды. Медициналық көмекке жүгінген адам болмады. Сол күні кешке Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда «Екатеринбург-Алматы» М-36 автожолында, яғни Тоқсан би ауылының маңында, МАN маркалы жүк көлігі жолдан шығып кеткен. СҚО ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшімен (жеке құрамнан 4 адам мен 3 техника бар) жүк көлігі жолдың бойына шығарылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp