«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Өткен жұма күнгі ауа райының тосын құбылысы жол қозғалысында көптеген қиындық туғызды. Күшті желден басталған сырғыма боран жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қар басып қалуына әкеліп соқтырды. Соның салдарынан облыстың 9 ауданында 128 техника қар құрсауында қалды.

Әйтеуір, қайғылы жайға орын берілген жоқ. Облыс аудандарының шұғыл әрекет ету отрядтары мен жол қызметі құрамаларының және жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауында қалған автокөліктер мен 354 адам құтқарылды, арнайы техникалар жол тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сол сияқты аталмыш операцияны жүргізуге облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы” ММ-нің өртсөндіруші-құтқарушылары құрамалары да қатыстырылды. Олардың күшімен сенбі күнгі түнде Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылына жақын жердегі жолда қар құрсауында қалған “КамАЗ” автомашинасының жүргізушісі мен жолаушысы және М.Жұмабаев ауданындағы Возвышенка ауылына таяу жерде төрт жеңіл көлік және олардың 12 жолаушысы қауіпсіз жерге шығарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp