Үндістанның Джаркханд штатында көру мүмкіндігінен айрылған мұғалім Құран Кәрімді Брайль шрифтімен көшіріп шықты. Ол Қасиетті кітаптың зағиптарға арналған нұсқасын дайындауға үш жыл уақытын жұмсапты. 2005-2008 жылдар аралығында көшірме авторы Құран мәтіндерін Брайль жүйесінде хинди тіліне аударған, одан кейін мәтінде кеткен қателерді түзетуге де біраз уақытын шығындапты. Ол жақын күндері кітапты баспадан шығаруға көмек берушілердің табылатынына сенімді.
Аударманың шариғат талаптарына толықтай сай дайындалғанын дін қызметкерлері де растауда. Брайль шрифті – көзі көрмейтін адамдардың саусақ арқылы оқуына мүмкіндік беретін арнайы жүйе.
“ҚазАқпарат”.