Мен – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының түлегімін. Мектепті тамамдаған соң жоғары оқу орнына түсуді өз қалауым бойынша таңдадым. Өйткені, айбарлы Ата Заңымыз елімізде өмір сүретін кез келген адамның таңдау құқығын қызғыштай қорғайды. Осы уақыт аралығында мен мемлекетіміздің басты тірегі – Негізгі Заңға арқа сүйедім, соған сәйкес әрекет жасадым.
Ата Заңды білу, әсіресе, жастардың оны терең оқуға, ұғуға ұмтылуы саяси сауаттылығымызды арттырып, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың берік қорғанын нығайта түспек. Білу үшін мектепте оқытылатын “Құқық” пәнінің рөлі зор. Аталмыш пәнге немқұрайдылық таныту, мейілінше көңіл бөлмеу оқушының өз міндеттерінің орындалмауына, кейін есейгенде қоғамда түрлі заңсыздықтардың орын алуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қазақстанның әрбір азаматының қауіпсіздігін, бостандығын қорғайтын Ата Заңды құрметтеу – барлығымыздың қасиетті парызымыз.
Айжан АЛИМОВА,
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.
