«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСКӨЙЛЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында әбден құныққан пәтер ұрылары бір ай бойы заңсыз әрекеттерінен пайда көріп келген. Олар жеті үйді тонап, сантехника, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарын қолды еткен.

Аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері мен ауылдық округтің учаскелік инспекторы осы қылмыстардың бетін ашып, ұрланған заттарды иелеріне қайтарғанша күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Кең көлемде жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын сотталып, биылғы жылдың басында темір тордың ар жағынан босап шыққан ауыл тұрғыны болып шықты.
Жедел-тергеу шараларының барысында ұрланған заттар сатылып жатқан жерінен тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.
Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Жетеповтың айтуынша, екінші күдікті қазір іздеуде жүр. Оның сыбайласы – Тепличное ауылының 36 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Ұрлық деректері бойынша тергу жүріп жатыр.
Айта кетейік, осы қылмыстарды ашу барысында тәртіп сақшылары басқа заң бұзушылықтың алдын алды. Қаскөйлер сол түні темір құбырларды ұрламақшы болған жерінен құрықталды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp