«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ЭПИДЕМИЯНЫ БӘРІМІЗ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты.

Өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырған ҚР Президенті: «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз», – деп жазды.

https://www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp