«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСЫМ ХАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен қазақтың ұлы хандарының бірі Қасым ханның ерлік істері мен мемлекеттік қызметі туралы фильмді түсіруге дайындық басталды.

Фильмнің режиссеріне Осман империясының негізін қалаған Ертұғрыл батыр туралы тарихи сериал түсірген атақты түрік режиссері Метин Гюнай таңдалыпты. Ол фильм сценариін жергілікті мамандармен бірлесіп жазуда.   

Қазіргі таңда қазақстандық режиссерлер де ірі тарихи фильмдер түсіру үстінде. Ақан Сатаев  – «Тұмар патшайымды», Рүстем Әбдіраш «Алмас қылыштың» жалғасын түсіріп жатыр. 

 

https://www.inform.kz/kz/ertugyryldyn-rezhisseri-kasym-han-turaly-fil-m-tusiredi_a3463282

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp