«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСІРЕТКЕ ҰРЫНБАС ҮШІН

Өрт – қасірет. Қасіретке ұрынғанша, оның алдын алу қажеттігі әркімді ойландыруы керек. Осы оймен жақында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі “Нұр Отан” партиясы филиалының залында кәсіпкерлермен сауда нысандарында пиротехника заттарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға арналған жиын өткізді.

Басқосуға қадағалаушы және бақылаушы органдардың өкілдері қатысып, сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайын сарапқа салды. 2014 жылдың барысында бұларда төрт өрт оқиғасы орын алып, келтірілген материалдық шығын 1 миллион теңгеден асып түсті. Әсіресе, қыс айларында пештерді, жылытушы электр жабдықтарын пайдаланғанда өрттердің жиі шығатыны атап көрсетілді.  

Аудан прокуроры Т. Құртаев 2013 жылы сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы жайында егжей-тегжейлі баяндады.

Ал аудандық ішкі істер бөлімінің қару-жарақ айналымын бақылайтын тобының инспекторы В. Кулик Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сертификат берілмеген пиротехникалық заттарды сатып, өткізуде кәсіпкерлердің жауапкершілігіне олардың назарын аударды.

Әмір БЕКШЕНТАЕВ,

аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp